Қытайда есірткі тасымалы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтты.
Зухра Сейтімова аппеляция өтетін уақыт белгіленген соң, тағы бір мәрте Қытайға барып келмек. Ал осыған дейінгі сапарында бір рет те болса қызын сыртынан көріпті.
«Ақжарқынның денсаулығы нашарлап барады. Әсіресе, көзінің көру қабілеті төмендеген. Ол бұрын көзілдірік киіп, линза тағатын. Көзінің көру нашарлығы бұрын -1,5 болатын, қазір -3,5 ке дейін көтерілген. Мені көріп бар болғаны «Мама, менің кінәм жоқ. Берік болыңдар!» деп үлгерді», – дейді Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова.
Бүгінде Зухра Сейтімова Ақжарқынға телефон арқылы бағыт беріп отырған Алена, Джонни және Дина есімді күдіктілердің ұсталмай отырғанына өкінеді. Олар Ақжарқынды брендтік киім әкелесің деп Қытайға жіберіп, телефон арқылы нұсқау беріп отырған.
Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай африкалық есірткі мафиясының кезекті құрбаны болып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




