Қазақстандықтардың қатысуымен орындалған ең ұзақ трек әлемдік рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана тұрғыны Сұлтан Рақымжанов пен АҚШ-та тұратын қазақстандық Дидар Байжанов америкалық Barron Studios студиясының трек жазу туралы хабарландыруын оқыған. Ол шараға кез келген адам қатыса алатын болды. Соңында ең ұзақ трек жазуға 326 адам қатысты. Сұлтан Рақымжанов - музыкант, "скрипка" сыныбы бойынша Айман Мұсақожаеваның академиясын тәмамдаған, ән жазып, рэп оқиды. Дидар Байжанов - АҚШ-тың теңіз сауда флотының офицері, Ермек Серкебаевтың немересі. Хьюстонда тұрады, жұмыс істейді. Өлең жазып, ол да рэп оқиды.
"Біз ағамыз екеуміз тіркеліп, 18 шілде күні Хьюстонда жазба болды. Өз шумағын жазып алу үшін әрбір қатысушыға 15 минут берілді. 300 қатысушының барлығы ағылшын тілінде, мексика және өзге де тілдерді оқыды, ал біз Дидар екеуміз рэпті орыс тілінде оқыдық", - деді Рақымжанов. - Barron Studios студиясы тректің "минусын" жариялады, соған өз мәтініңді жазып, рэп оқуың керек болды. Тректі жазу 18 шілде күні сағат 10.00-де басталды. Ақырында ұзақтығы 4 сағат 44 минутқа созылатын трек дүниеге келді, ол әлемдік SoundCloud аудиоторрентіне тап болды", - дейді ол. Осылайша қазақстандықтардың қатысуымен орындалған трек ұзақтығы мен орындаушыларының саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Қазақстандық музыканттардың қатысуымен орындалған тректі мына жерден тыңдауға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жетінші бесжылдықтағы жаңашылдық жаршылары
- 20 тамыз, 2024
Архивтің жетпіс жылдық жұмысын бір-ақ жылда тындырған
- 8 тамыз, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді