Байқоңырда мектепке барып көрмеген 10 жастағы бала бар
Байқоңырда мектепте бір де бір рет барып көрмеген бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Байқоңыр қаласының Білім беру басқармасының Темонен Екатерина Сергеевнаның үстінен түсірген арызын қарады.
Істі қарау барысында Темонен Е.С.-тің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жағымсыз сипаттамаға ие екені, тыныштықты бұзып, мазасын алғаны үшін көршілерінен шағымдар жиі келіп тұрғаны анықталды. "Оның баласы бар - Жирнов Ярослав Викторович. Шешесі оның білім алуымен, тәрбиесімен, асыраумен айналыспайды, оған бақылау жүргізбейді. 2015 жылдың 18 қыркүйегінде баласы 10 жасқа толады, алайда қазірге дейін мектепке барып көрмеген. Мектепке бармайды, оқуды, жазуды білмейді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, қажетті киімінің, ойыншығының, мектепке қажетті құралдарының, сабақ оқуға арнайы орнының жоқ екені айтылады. Іс материалдарына қарағанда, Темонен қоғамға қарсы өмір салтын ұстанды, арақ ішеді, жұмысы жоқ, баласын асырауға қаражаты жоқ, баласын тәрбиелей алмайтын ата-ана ретінде профилактикалық есепте тұр.
Жауапты көп уақыт бойы Байқоңыр қаласында тұрғылықты мекен-жайсыз ағасының үйінде тұрып келген, оған бөтен адамдар келіп, барлығы баланың көзінше арақ ішеді. Осы істі қараған сот қалалық Білім беру басқармасының әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы шағымын қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енген жоқ. Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект: игілігі мен қатері
- 19 тамыз, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




