Археологтар Қарқаралыдан олжа тапты
Қарағандыда археологтар Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңында жүргізген қазба жұмыстары кезінде қорымнан алтын сырғалар мен үш айылбас тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан музейлерінің ақпараттық-әдістемелік орталығына сілтеме жасап.
Орталықтың мәліметінше, зерттеуді Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы археологиялық институт экспедициясы мүшелері жүргізген. "Бұл жәдігерлерді биылғы маусымдағы басты олжа деп айтуға болады. Алтын сырғалар мен айылбастар мыңдаған жылдар жер астында жатқанымен жақсы сақталған", - дейді ҚарМУ-дың жанындағы археологиялық институттың аға ғылыми қызметкері Игорь Кукушкин.
Мамандардың айтуынша, зергерлік әшекей бұйымдары қола дәуірінде өмір сүрген әйелдерге тиесілі болуы мүмкін. Археологтар тапқан алтын бұйымдарды облыстық өлкетану музейіне тапсыратындарын айтты.
Еске сала кетейік, маусым айының соңында археологтар Ақмола облысынан қола дәуіріне тиесілі қазбалар тапқан болатын. Ақмола облысы мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Талғат Ибраевтың айтуынша, тарихи қазба Зеренді ауданы Кенеткөл ауылына жақын маңдағы обаларды қазу кезінде табылды. "Біз көне сауыт пен сүйектен жасалынған, өрнектері бар бойтұмар таптық. Сауыт бір жыл бұрын діни белгісі бар ыдыстар қазып алынған орыннан табылды. Бұл мекен андроновтар мәдениетіне тиесілі", - деді Ибраев. Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект: игілігі мен қатері
- 19 тамыз, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




