«АрселорМиттал Теміртау» жалақыны 25% пайызға қысқартудың орнына 10 мың жұмысшыны қызметтен босата алады
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2015
- 587
Жалақыны 25% пайызға қысқарту «АрселорМиттал Теміртаудың» (АМТ) 10 мың жұмысшысын жұмыстан босатудан құтқарады, деп мәлім етті компания бас директоры.
Теміртауда АМТ бас директоры Виджай Махадеванның компания қызметкерлерінің жалақысын 25% пайызға қысқарту мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Белгілі болғандай, компания жалақыны сонша мөлшерге қысқартудың орнына 10 мың жұмысшыны босата алады екен.
Компания басшысының айтуынша, компания кіріс көрмейінше жалақы қысқартыла бермек.
«АрселорМиттал Теміртаудың» менеджерлерінің болжамынша жақын келешекте кіріс көрінбейді де.
Бұрын хабарланғандай, «АрселорМиттал Теміртау» барлық жұмысшыларының жалақыларын 2015 жылғы 1 тамыздан бастап 25%-ға қысқартпақшы.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ArcelorMittal трансұлттық компаниясының құрамына кіреді және Қазақстандағы тау-кен металлургиялық секторының ірі кәсіпорны болып табылады, жалпақ және сортталған болат өндіреді, сондай-ақ агломерат, темір кеніштік және көмір концентратын, кокс, шойын, болат өндіреді.
Оның құрамына Теміртаудағы металлургиялық комбинат, Қарағандыдағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіру бойынша 4 кен орны кіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




