«Қазақфильмнің» жұмысшылары жаппай қысқартылуы мүмкін
Еліміздегі ең ірі киностудия «Қазақфильмнің» жұмысшылары жаппай қысқартылуы мүмкін. Тіпті, кей бөлімдер тұтастай жабылу қаупі бар деп хабарлайды 31 арна.
80 жылдық тарихы бар киностудияның бір жыл бұрын 49 пайыздық акциясы жеке тұлғалардың иелігіне жартылай, яғни жекешелендіруге қойылған.
Жылдық бюджеті бірнеше есе қысқарған киностудия жуырда «Қазақ елі» тарихи сериялының түсіріліміне қатысты да дауға қалған.
Мекеме басшылары мен заңгерлері қысқартуға қатысты қандай да бір ақпарат беруге дайын еместігін жеткізді. Тек ауызекі сөйлесу кезінде бұл жағдай қайта құрылымдауға байланысты деп қана түсінік берді.
Ал қызметкерлерге тамыз айында жұмыстан босайтындары туралы хабарлама таратылған. Жақында жұмыстан босайтын қызметкерлердің өздері де пікір білдіруден бас тартты.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




