1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына жаңа жеңілдіктер енгізіледі
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2015
- 957
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылдың 1 тамызынан бастап күндізгі кестемен жүретін (бір бағытқа) төмендегі пойыздарға 10% жеңілдіктер енгізілгенін хабарлайды;
- №35 Алматы-Шымкент бағытына; - №49 Алматы-Ақтөбе бағытына; - №50 Ақтөбе-Алматы бағытына; - №78 Атырау-Алматы бағытына; - №90 Қызылорда-Астана бағытына.
Бұдан бөлек, барлық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойыздарының (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа) жоғарғы орындарына 5% көлемінде жеңілдіктер қарастырылған.
Бұл жеңілдіктер бұған дейін белгіленген жеңілдіктерге, яғни тарифті икемді басқару мен дисконттық карталарға қосымша енгізіліп отырғанын айта кету керек.
Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 тамызынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Құрмет» (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және «Жастар» (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконттық карталарға қазіргі 10 пайыздық жеңілдікті 30 пайызға дейін көбейткенін хабарлайды.
«Саяхатшы» дисконтты картасы - жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін:
100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз; 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны - 15 пайыз; 200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі - 20 пайыз жеңілдіктер қаратырылған.
Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




