Мемлекеттік сатып алулар саласына бақылау күшейтілмек - Р.Бекетаев
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2015
- 639
Мемлекеттік сатып алулар саласына бақылау күшейтілмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті.
«Камералдық бақылау түсінігін енгізу арқылы біз мемлекеттік сатып алулар сайтын үнемі бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік аламыз. Онда жөнсіз талаптарды қою, конкурстық құжаттарды белгілі бір компанияның мүмкіндіктеріне сай шақтау фактілері қатаң шектелетін болады», - деп атап өтті Р.Бекетаев.
Оның айтуынша, жемқорлық фактілеріне байланысты бұл салада бақылау күшейтілетін болады.
«Әрине, қатаңдату шаралары болады. Бірақ мақсатымыз адамдарды жазалау емес, осындай заң бұзушылықтардың алдын алу, оларды іске асыруға мүмкіндік бермеу. Мемлекеттік сатып алуларда жемқорлық фактілері барын жасырмаймыз, ондай үлкен даулар бүкіл әлемде бар. Біз өзге мемлекеттердің үздік тәжірибелерін қарап, өзімізде оны енгізетін боламыз. Біз мемлекеттік сатып алулар саласының жұмысын қаншалықты қатаңдату мүмкін болса, соншалықты қатаңдата бермекпіз», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




