Жаһан
Алматыда тікелей трансляция арқылы Олимпиада-2022 өтетін қала белгілі болмақ
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2015
- 920
Алматыда тікелей трансляция арқылы Олимпиада-2022 өтетін қала белгілі болмақ
Алматы жұртшылығы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қай қалада өтетіндігін алғашқылардың бірі болып білетін болады.
Осы Олимпиада ойындарын өткізуге Алматы мен Бейжің қалалары үміткер болып отыр.
Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,ағымдағы жылдың 31 шілдесінде сағат 15.00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Халықаралық Олимпиада Комитетінің кезекті сессиясы тікелей эфирде көрсетілмек.
Сессия барысында жасырын дауыс беру арқылы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталатын болады.
Бұл акцияны ұйымдастырушылар алматылықтарды сүйікті қаласына қолдау көрсету мақсатында тікелей трансляцияға қатысуға шақырады.
Айта кетелік, ХОК сессиясы Малайзияның астанасы — Куала-Лумпур қаласында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




