Мұнайға бай Қазақстан биыл да бензин үшін Ресейге тәуелді. Жанармайдың бағасы да, оның халыққа жеткілікті болуы да әлі күнге көршіміздің нарығына байланысты деп хабарлайды 31 арна.
27 шілде де өткен баспасөз мәслихаты барысында энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин «Ресейдің тілеуін тілеп отырмын» деп ағынан жарылды.
Өйткені, қазіргі таңда елдегі жанармай сұранысының 30 пайызын ресейлік зауыттар қамтамасыз етіп отыр. Ал өзіміздегі қоймаларда 230 мың тоннадай бензин қоры қалған.
Салыстыра кетсек, көктемде 300 мыңдай болған еді. Былтыр және биыл жылдың басында сұранысқа ие бензин түрлері тапшы болып, жүргізушілер жанармай бекеттерін кезіп кеткен болатын.
Мұны Ресейдегі 2-3 мұнай өңдеу зауытының бұзылуымен түсіндірген вице-министр алда не болады дегенде нақты кесіп айтпай, екіұшты жауап берді.
«Енді биылғы жылда бүгінге дейін, құдайға шүкір дейміз ғой, сол Ресейдің зауыттарының да тілегін тілеп отырмыз. Бүгін олар жұмыс жасап тұр. Әрине кейбір облыстарда, кейбір жерлерде тапшылықтар шығып қалуы мүмкін. Ол бірақ басқа да мезгілде болатын нәрсе», — дейді Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




