Астана әуежайының басшылығы Г.Головкиннен кешірім сұрады
Өткен аптада кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин елге оралып, Астана әуежайында келеңсіз жайтқа тап болғанын хабарлаған едік. Шенеуніктер мен қалаға келетін қадірлі қонақтарға арналған VIP-залға әйгілі боксшыны әуежай қызметкерлері кіргізбей қойған болатын. Осы жайтқа байланысты бүгін Астана халықаралық әуежайының әкімдігі Геннадий Головкиннен кешірім сұрап, аталған қызметкерлерге тәртіптік шара қолданғанын хабарлады.
"Әуежай басшылығының хабарлауынша, арнайы тізімге енбеген мемлекеттік қызметкерлерден басқа кез-келген адам ақысын төлеп, VIP-залдың қызметін пайдалана алады. Ақысын төлеу ұшып келетін уақыттан бұрын жасалуы тиіс. Головкинмен болған жайт әуежай қызметкері мен алдын ала тапсырыс беретін тұлғалардың қателігінен орын алған. Осы ретте әуежай қызметкерлеріне тіртіптік шара қолданылды" делінген Астана Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге салайық, өткен аптаның соңында туған жеріне оралған әйгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Астана әуежайындағы VIP-зал арқылы қалаға шықпақ болғанында әуежай қызметкерлері оны өткізбей қойған болатын. Бұл алдымен әуежайға келушілердің наразылығын тудырса, кейін бүкіл қазнет талқылаған тақырыпқа айналды.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




