Шымкентте басшысымен бірге қарамағындағы қызметкерлерді өлімші етіп ұрған бизнесменнің көмекшісі ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.
«Дефиле» киім дүкендері желісінің басшысы Бақытбек Нұрманов пен оның көмекшісі Мақсат Мәдиев сатушылар мен күзетшілердің мойнына қарыз іліп, онысын жұдырықтың күшімен өндіріп келген.
Бұл сорақылықтың беті мамыр айында ашылған болатын. Бутиктердің бірінде әкімші болып істейтін Тахир Тахтаходжаев 5 күн бойы қос бастығынан қорлық көріп, әзер сытылып шыққан.
Артынша осы екеуінен жәбір көрген тағы 4 қызметкер полиция шағымданды. Оларға да дөрекі басшы мен қосшысы жоқ ақшаны ұрладың деп ұрған. Қысымға шыдамаған біреуі тіпті несие алып, оны бастығының қолына ұстатыпты.
Кәсіпкердің өзі бірден қамауға алынса, жандайшабы із жасырған еді. Сөйтсе, Мақсат Мәдиев 3 ай бойы жалдамалы пәтерде бой тасалап жүрген екен.
32 жастағы жігіт те енді басшысымен бірге ұзақ уақыт бойы бостандық көрмейтін сыңайлы.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




