Қазақстандықтар ең жиі қоныс аударатын мемлекеттер анықталды
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2015
- 995
2011 жылдан бастап 132 мыңнан астам қазақстандық өзге мемлекетке қоныс аударған. Шалғай шетел арасында қазақстандықтардың таңдауы көбіне Германияға түсетіні анықталды.
Бұл туралы lsm.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Германияға аталған уақытта 3,5 мыңнан астам қазақстандық көшкен. Ал 941 тұрғын АҚШ-қа қоныс аударған деп мәлімдеді ІІМ миграциялық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркін Байбатчин.
Одан кейінгі орындарда: Канада — 620 адам, Израиль — 428 адам, Польша — 313 және Испания — 50 адам.
4,5 жылда Қазақстанды тастап, шетелге көшкен тұрғындар саны шамамен 9,4 мыңға жеткен.
ТМД елдеріне аталмыш мерзімде 131 мыңнан астам жерлесіміз көшкен. Ресми деректерге сәйкес, 2011-2014 жылдар аралығында шалғай шетелге тұрақты қоныстануға кеткен қазақстандықтар саны екі есе артқан. 1,47 мыңнан 3,02 мың адамға дейін өскен. Ал осы жартыжылдықта олардың саны 1,33 мыңға жеткен.
Негізінен қоныс аударушылардың көбі Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарынан болып шықты.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




