ДСҰ: Қазақстан әлеммен барынша ықпалдаса түсу үшін бәсекеге қабілетті болуы керек - Ч.Осакве
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2015
- 927
Қазақстан әлемдік қоғамдастықпен барынша ықпалдаса түсу үшін бәсекеге қабілетті болуы керек.
Бұл туралы бүгін қазақстандық БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берген Дүниежүзілік сауда ұйымы Мүшелікке қабылдау жөніндегі департаментінің директоры Чиеду Осакве айтты.
«Жеке секторда жұмыс істеген әрбір адам бизнес саласының бәсекеге қабілеттігін сақтау үшін үнемі қолдау көрсету қажеттігін жақсы біледі. Бәсекелестіктің қандай екендігін Олимпиада чемпиондарынан сұрау керек. Сіздер жаңа технологиялар, жаңа білім алу үшін, әлемдік қоғамдастықпен барынша ықпалдаса түсу үшін шекараларыңызды ашуларыңызға тура келеді. Жаһандық экономиканың басымдығы өте зор», - деді ол.
Осы ретте ол кез келген үкімет, бизнестің кез келген өкілі, барлық халық барынша бәсекеге қабілетті болуы керектігін баса айтты.
«Дегенмен, бұл процесте жақсы қолбасшының мығым қолы қажет. Ал біз мұны Қазақстаннан көріп отырмыз», - деді Ч.Осакве.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қатысты келіссөздерін 1996 жылдың қаңтар айында бастаған болатын.
19 жылға созылған күрделі келіссөздер осы жылдың 10 маусымында табысты аяқталған еді. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қоятын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




