Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Қарағандыда сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталды.
Бұл іс бойынша Серік Ахметовпен бірге 21 адам жауап береді, олардың қатарында облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов бар. Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты істі Қарағандының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаевтың қарайтыны хабарланған болатын.
Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.
Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Оған қатысты үй қамауына алу бұлтарпау шарасы қолданылды.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




