Астанада жауапқа тартылатынын естіген мемқызметкер 10 млн теңге алиментін бірден төлеп тастады
- author «Ақ жол»
- 24 шілде, 2015
- 634
Астанада мемлекеттік қызметкер қылмыстық іске тартылатыны туралы қағаз алысымен 2003 жылдан бері жинақталып қалған алимент сомасын бірден өтеп тастады.
Ол бұрынғы келіншегімен келісімге келіп, ұлының 18 жасқа толғанға дейінгі алименті үшін 10 млн теңге төлеген. Бұл туралы Астана қалалық әділет департаментінің жетекшісі Қанат Мусин мәлім етті.
Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ішкі істер органдарына борышкерлерді Қылмыстық кодекстің 139 бабы бойынша қылмыстық іске тарту туралы 723 іс тапсырылыпты.
Сондай-ақ алимент төлеушілердің арасында бірнеше адам 1 млн-нан астам алимент қарыздарын да өтепті.
Жыл басында Қылмыстық кодекс туралы жаңа заң қолданысқа енді. Аталған заң бойынша алимент төлемегендерге жауапкершілікті күшейту қарастырылған. Егер ер азамат үш айдан бері алимент төлемеген болса, сот атқарушылары оны қылмыстық жауапкершілікке тартып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырады.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




