«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қызылордада көкек ана туғанына бір апта болған сәбиін далаға тастап кетті

Қызылордада көкек ана туғанына бір апта болған сәбиін далаға тастап кетті
ашық дереккөз
Қызылордада көкек ана туғанына бір апта болған сәбиін далаға тастап кетті

pogudx42sgt7lqb28.55762957Қызылордада туғанына бір апта ғана болған сәбиін көкек ана далаға тастап кеткен. Оны мұздай бетон баспалдақтың астынан куәгерлер тауып алған.

Бүгінгі күні нəресте облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Жарық дүние есігін енді ғана ашқан, кіндігі түсе қоймаған сəби түнгі ондардың шамасында қаланың қақ ортасындағы көп қабатты үйлердің жанынан табылған.

Көрпеге оралған баланы баспалдақтың астынан осы маңдағы тұрғындар көріп қалыпты.  Қазір ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ақ халаттылар алғашында қарны ашып, əлсіз болып түскен нəрестеден  мазасыздықты байқамадық дейді.

“Толық медициналық тексерулерден өткеннен кейін баланы құзырлы органдарға өткізуге құжаттарын дайындап, өткізуге дайындап жатырмыз”, – дейді Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Алтынгүл Оразбаева.

Тәртіп сақшылары да сәбидің денесінде көзге көрінетіндей жарақаттардың анықталмағандығын растап отыр. Олар бүгінде айдың күннің аманында қыз баладан бас тартқан көкек ананы іздестіруге көшті. Аталған дерек бойынша полицейлер арнайы із кесу жұмыстарына кірісіп кеткен.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192 бабы, 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда қауіпсіз жағдайда қалдыру”, – дейді Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің бөлім бастығы Талап Рахман.

Бұл Қызылордада жыл басынан бері тіркелген алғашқы оқиға. Бала бүгінде сүт қоспасымен қоректеніп жатыр. Санаулы күндерден кейін ол сəбилер үйіне ауыстырылмақ.

Ұқсас жаңалықтар