British Airways әуе компаниясы Қазақстанға ұшпайтын болды
Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы British Airways енді Қазақстанға ұшпайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соңғы рейс Лондонның Хитроу әуежайынан 11 қазанда ұшып шығады, ал 12 қазанда Алматыдан кері қайтады. British Airways компаниясындағылардың айтуынша, рейс қаржы жағынан тиімсіз болғандықтан жабылғалы жатыр.
Әуе компаниясы кешірім өтінді. "12 қазаннан кейінгі күндерге билет сатып алып қойғандарға ақша толықтай қайтарылады. Егер билеттер туристік агенттіктер арқылы алынса, олармен тікелей байланысуға болады", - деп жауап берді компаниядағылар Tengrinews.kz сауалына.
Айта кетейік, енді Астанадан Лондонға дейінгі тікелей рейс Air Astana арқылы жүзеге асады. Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




