Божко Алматыда төтенше жағдай режимі қанша уақыт сақталатынын айтты
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2015
- 892
Алматыда ТЖ режимі сел тасқынының салдарын жою бойынша барлық шаралар аяқталғанша сақталады, деп мәлім етті ІІМ министрінің орынбасары Владимир Божко бейсенбі күні брифингте.
Бұл ретте ол ТЖ салдарын жою көп уақытты қажет ететінін атап өтті.
«Қарасаңыздар, өте көп уақыт алатын сияқты (сел тасқынының салдарын жою – ҚазТАГ). (…) Үлкен қойтастар жоғарғы бөгетке тіреліп жатыр, ал Чапаево кентінен төмен қарай сел тасқыны ағызып шығарған тастар көше бойында шашылып жатыр», – деді министр орынбасары.
Еске сала кетсек, 23 шілдеге қараған түні 03.00 сағатта Қарғалы өзеніндегі су деңгей көтеріліп, Қарағайлы және Таусамалы ықшамаудандарын сел тасқыны басып жатқаны туралы хабар тарады.
Осыдан кейін 950 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Алматыда төтенше жағдай жарияланып, оперативтік штаб құрылды.
Сел жүруінің нәтижесінде Алматының үш ауданындағы үйлерді су басып қалды.
Ең көбі Наурызбай ауданындағы Чапаево елді мекенінің үйлері зардап шекті. Әуезов ауданы мен Алатау аудандарының аумағын жартылай су басты.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




