Жаһан
Ашылғанына екі-ақ күн болған қарағандылық гей-клуб тұрғындардың қоқан-лоққысынан кейін жабылып қалды
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2015
- 1.1k
Ашылғанына екі-ақ күн болған қарағандылық гей-клуб тұрғындардың қоқан-лоққысынан кейін жабылып қалды
Ашылғанына екі-ақ күн өткен қарағандылық гей-клуб жергілікті тұрғындардың қоқан-лоқысынан кейін жабылып қалды.
Ашылмастан бұрын клубтың тұсаукесерінде танымал қазақстандық әнші өнер көрсететіні жарияланған болатын деп жазды “Криминальные новости”.
Алайда жұлдыздың өнер көрсетуі туралы ақпар жалған болып шықты. Дегенмен бұл қадам клубқа көпшілік назарын аударта алды. Аудартқаны сонша, өнер көрсетеді деген әртіске қатысуы туралы ақпардың жалғандығын айтып, ақталуына тура келген.
Бұл жағдай Ескі әуежайдағы клубтың ашылуына кедергі бола қоймаған. Интернетте бұл жаңалық тез тарап, тұрғындар наразылығын тудырған. Клуб басшылығына ғимаратты жабуын талап етіп, қоқан-лоққы көрсеткендер қарасы көп болған.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ашулы тұрғындар тіпті клубты өртеп жібермек болған. Ақыры қоғамдағы наразылықтың күшімен клуб жабылып қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




