Алматыда селден зардап шеккен әрбір отбасыға 200 мың теңгеден өтемақы төленеді
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2015
- 957
Алматыдағы лай көшкінінен зардап шеккендер әлеуметтік қорғау органдарына барып, өтемақы ала алады.
Әр отбасыға мемлекет 100 АЕК көлемінде көмек көрсетеді деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин журналистермен болған кездесу барысында.
Оның айтуынша, зардап шеккен әрбір тұрғынға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. “Егер сақтандыруы болса онда сақтандыру компаниялары тиісінше жұмыс істейтін болады.
“Ал егер ғимараттар заңсыз салынған болса немесе мемлекеттің қорғауындағы жерге салынса, онда мемлекет тарапынан ешқандай ақшалай көмек көрсетілмейді”, – деді әкім орынбасары.
Ильиннің айтуынша, Наурызбай ауданында қазір арнайы штаб құрылып, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарымен және келтірілген шығындарды есептеу жұмыстарымен айналысқан. Эвакуацияланған адамдар саны 900-ге жетті. Жарақат алғандар мен құрбандар жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




