Алматыда болған сел тасқынының көлемі 40 мың текше метрді құрады
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2015
- 731
Бүгін Алматыда Қарғалы өзенінде орын алған сел тасқынына байланысты Наурызбай ауданы әкімдігінде баспасөз брифингі өтті.
«Күннің қатты ысып кетуіне байланысты таудағы Қарғалы мұздығының астындағы аты жоқ мореналық көлдің суы көбейіп кеткен. Судың көлемі 40 мың текше метрді құраған. Нәтижесінде көлдің табаны бұзылып, одан аққан су Қарғалы өзенінің су бөгетіне жетті. Судың негізгі массасын осы бөгет ұстап қалды. Бөгет бұзылған жоқ. Қазір су екі шлюз арқылы төмен қарай ағыздырылуда», - деді өз сөзінде Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин.
Оның айтуынша, қазір Қарғалы өзенінің су деңгейі жоғары. Су 10-12 м/сек жылдамдықпен ағып жатыр. Табиғи апат салдарынан Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарының тұрғын үйлерін су басты. Адам шығыны жоқ, селдің салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




