Алматыда сел тасқынынан кейін 500-ге жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2015
- 848
Алматы қаласының Наурызбай ауданында болған сел тасқынынан кейін соңғы мәліметтер бойынша 500-ге жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» ММ-нің Алматы аймақтық техникалық пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Самат Дәуленқанов мәлім етті.
Оның айтуынша, Алматы тұрғындарына келер ешқандай қауіп жоқ. Қазір селдің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су Қарғалы өзені бойымен шлюздер арқылы төмен қарай ағыздырылып жатыр.
«Соңғы күндері күннің қатты ысып кетуіне байланысты мұздықтар еріп, Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшіктің суы көтерілді. Оның жиегі бұзылмағанымен, ондағы жиналған су көлшіктің табаны арқылы өтіп кетіп, бөгетке қарай аққан. Бірақ бөгет бұзылған жоқ. Таудан домалаған тастар осында тірелді. Көлшікте қазір су жоқ. Екінші тасқын болмайды. Қазір Алматы аймақтық техникалық пайдалану басқармасы тарапынан 15 техника мен жеке құрамнан 40 адам селдің салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған», – деді Дәуленқанов.
Айта кетелік, қазір оқиға орнында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері де табиғи апат салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.
Соңғы мәліметтер бойынша Қарғалы өзені бойындағы тұрғын үйлердің тұрғындары аудандық әкімдік пен №176 орта мектепке орналастырылып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




