Алматының Наурызбай ауданында сел тасқынының орын алуына Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшік суының көтерілуі себеп болған.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің “Қазселденқорғау” ММ-нің Алматы аймақтық техникалық пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Самат Дәуленқанов мәлім етті.
Оның айтуынша, Алматы тұрғындарына келер ешқандай қауіп жоқ. Қазір селдің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су Қарғалы өзені бойымен шлюздер арқылы төмен қарай ағыздырылып жатыр.
“Соңғы күндері күннің қатты ысып кетуіне байланысты мұздықтар еріп, Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшіктің суы көтерілді. Оның жиегі бұзылмағанымен, ондағы жиналған су көлшіктің табаны арқылы өтіп кетіп, бөгетке қарай аққан. Бірақ бөгет бұзылған жоқ. Таудан домалаған тастар осында тірелді. Көлшікте қазір су жоқ. Екінші тасқын болмайды. Қазір Алматы аймақтық техникалық пайдалану басқармасы тарапынан 15 техника мен жеке құрамнан 40 адам селдің салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған”, – деді Дәуленқанов.
Қазір оқиға орнында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері табиғи апат салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.
Ұқсас жаңалықтар
Әр қадамымызды халық игілігі үшін жасап отырмыз
- 3 шілде, 2025
Күзде Starlink желісі ресми түрде өз жұмысын бастайды
- 19 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді