Алматыда селдің екінші толқыны болмайды - ТЖД
Алматыда селдің екінші толқыны болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Нұрпейісовке сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзен суының деңгейінің көтерілгендігі жайлы хабар түнгі сағат 03.00-де түсті. Екі ауылды су басты - Қарғайлы және Каменка. Суды шлюз арқылы арнаға түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Су бөгеті жарылған жоқ. Қазіргі уақытта су екі шлюз арқылы ағып жатыр. Жақын маңдағы елді мекеннің тұрғындары эвакуациялау жұмыстары жүру үстінде. Су бөгеті жарылған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, ТЖД қызметкерлері және әкімпдіктің өкілдері жұмыс істеп жатыр - шамамен 440 адам. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, қалаға қауіп жоқ. Наурызбай аудандық әкімдігінде жедел штаб құрылды.
Өз кезегінде Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов 05.00-де мамандардың аймақты тексеруге ұшып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, полиция селдің екінші толқынының жүретіні жайлы және су бөгетінің жарылғандығы жайлы әлеуметтік желіде жалған хабар таратқандарды іздестіруді бастап кеткен. Тегтер:
Тақырып бойынша сілтемелер:
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




