Жаһан
Тамыз айынан бастап Елбасының кітапханасын кез-келген азамат тамашалай алады
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2015
- 968
Тамыз айынан бастап Елбасының кітапханасын кез-келген азамат тамашалай алады
Алдағы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына экскурсиялар өткізілетін болады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметінен хабарлады.
Елбасы Кітапханасына жекеленген азаматтар мен ұжымдар топпен келулеріне мүмкіндік бар. Экскурсия ұзақтығы - 45 минут. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде экскурсиялар жүргізілетін болады.
Экскурсия арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның жасампаз идеяларымен және бастамаларымен жақынырақ танысуға болады.
2015 жылдың 1-10 шілде аралығында «Астана Күніне» орай Елбасы Кітапханасында өткізілген «Ашық есік күндері» бірегей сәулет өнерін көрем деушілер саны өте көп екенін байқатты. Он күн ішінде барлық адамды қамту қиынға соқты. Сол себепті Кітапхана келушілерге ыңғайлы жұмыс режиміне ауысады. Экскурсиялар тегін жүргізіледі. Экскурсия уақыты (жеке куәлік арқылы): Бейсенбі – жұма: 10:00-17:45 (үзіліс 13:00-14:30);
Сенбі – жексенбі: 10:00-17:00 (үзіліс 13:00-14:30);
10 адамнан асатын топтар үшін (алдын-ала тапсырыс бойынша): Бейсенбі – жұма: 10:00; 11:00; 12:00; 15.00; 16:00; 17:00;
Сенбі – жексенбі: 10.00; 11.00; 12.00; 15:00; 16:00.
Экскурсияға жазылу үшін: 8 (7172) 69-30-40, 69-30-42
Мекен–жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Еңбекшілер көш., 10
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




