Қазақстан елордасын әлемде «Астана - Еуразия жүрегі» бренді бойынша алға жылжытатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
Оның айтуынша, министрлік ЭКСПО шарасына байланысты арнайы жоспар жасақтады. Бұл жоспар бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси маңызы туралы презентациялар өткізіледі.
«ЭКСПО-2017» көрмесі мен халықаралық және Астананың қаржылық орталық ретіндегі әлеуеті мәдени-туристік кластерді құруға, елорданың жаңа мәдени инфрақұрылымының дамуына және «Астана - Еуразия жүрегі» танымал брендінің құрылуына серпін береді», - дейді А.Мұхамедиұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




