Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойларының тізіміне енді
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2015
- 289
Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, археолог Карл Байпақов мәлім етті.
«Мен жақында белгілі болған керемет жаңалықты жариялағым келіп отыр. Алматының 1000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО тізіміне енді. Алматының тарихы 150 жыл емес екендігі дәлелденген жайт және оның құрылуы Верный қамалының салынуымен байланысты емес. Алматыға - 1000 жыл. Бұл - тұтас тарихи дәуір», - деді ол.
Оның ойынша, Алматы туристер ошағына айналуы тиіс. «Түркістан, Отырар, Сауран - туристерге, тағзым етушілерге толы. Алматы да сол сияқты ірі туристік орталыққа айнала алады», - деп атап өтті ғалым. Оңтүстік астананың әкімдігі 2016 жылы қаланың мыңжылдығын атап өтетіндігін бұның алдында хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді