Астана студенттері ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарды WhatsApp арқылы бере алады
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2015
- 934
Астанада жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы WhatsApp мессенджері арқылы хабар беруге болады, - деп хабарлайды 24.kz.
"Жаңа оқу жылынан бастап "WhatsApp бойынша бірыңғай номер" жобасын жүзеге асырамыз. Бұл арқылы әрбір студент, әрбір оқытушы шағымдарын жолдай алады. Жоба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сай жүргізіледі", - деді Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков.
Телеарнаның мәліметінше, сауалнама барысында елордадағы әрбір төртінші студент оқытушыларға пара беруге дайын екені, сонымен қатар студенттердің 11 пайызы университеттеріндегі жемқорлық дерегі туралы білетіні анықталды. Студенттердің 29 пайызы оқытушылардың бұған өздері итермелейтіндерін айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




