Туристік компанияларға қатысты үкіметтің жаңа талабы бағаға кері әсер етуі мүмкін. Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығы осылай деп шағым айтты. Осының кесірінен биылғы қажылық сапары да жылдағыдан біраз қымбатқа түскелі отыр екен деп хабарлайды КТК арнасы.
Қауымдастық ішкі және сыртқы туризмді жақсарту үшін Инвестиция министрлігіне бірқатар ұсыныстар беріпті. Алайда, бірде-бірі ескерілмей, керісінше жағдайды біраз қиындатты дейді турагенттер.
Мәселен, биыл қажылыққа аттанатын отандастарымыз қалаған әуе компаниясын таңдай алмайды. Және тікелей бағытта ғана ұшуы тиіс.
Сондай-ақ, бұған дейін қажылыққа барғандар Сауд Арабиясында 13 пен 18 күн аралығында болып келсе, биылдан бастап кемінде 20 күн аялдауы керек.
Осы және өзге де өзгерістер шығын көлемін арттырып, бағаны көтеруге әкелді дейді олар.
“Турагенттіктер де, ірі туроператорлар да бұл талаптармен келіспейді. Оның үстіне, қажылыққа баратын мерзім де әлі анықталмаған. Ал туристік компаниялар оған бір ай бұрын дайындала бастауы керек еді. Барлық туристік компаниялармен талқыға салып берген ұсыныстарымыз да ескерілмей қалған”, – деп отыр Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаева.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




