«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

"Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр

"Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
ашық дереккөз
"Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
"Нұр Отанда" "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы журналистерге партияның астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бұл мәселе қазір біздің "Бірлік" филиалымызда талқыланып жатыр, ол аумақтық филиал, ол (Талғат Ермегияев - Авт.) сол жерде есепте тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде қоғамдық кеңестің отырысы өткеннен кейін шешім қабылданады. Біз ол туралы хабар береміз. Біздегі қалалық филиал өңірлік филиал болып табылады. Бізде тағы алты аймақтық филиал бар, "Бірлік" аймақтық филиалға жатады, онда біздің мемлекеттік орталық құрылымдардың бастапқы партиялық ұйымдары бар. Сондықтан ол жақта бұл мәселе талқыланып жатыр. Олар қандай да бір шешім қабылдаған сәтте біз бірден олардың шешіміне қол жеткіземіз", - деді Ахметов. Журналистердің ұлттық компанияның ақша жымқыру ісіне қатысы бар өзге де басшыларына қатысты сұрақтарына жауап берген Ахметов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК экс-басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтің партия мүшесі емесін айтты, ал ұлттық компанияның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновке қатысты мәселенің партияның Алматы филиалында шешілетінін айтты. Еске сала кетейік, 2015 жылдың 11 маусымында Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. 12 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты 176-бабы, 4-бөлімінің "б" пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша бөтеннің мүлкін пайдаланды деген күдікпен Талғат Ермегияевті екі ай мерзімге үй қамауына алу туралы шешім шығарды. 18 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтің мүлкіне тыйым салды. Таяуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Айгүл Шайымова тергеу кезінде Ермегияевтің пара ретінде қолма-қол 4 миллиард 200 миллион теңге алғаны анықталды деп мәлімдеді. Сот 10 лауазымды тұлғаға қатысты шара қолданды. Айта кетейік, Ермегияевтен басқа "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев пен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов те тергеліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар