Ксеll өз абоненттеріне 1,5 млрд теңгені қайтаратын болды
Ксеll бәсекелестік заңнамасын бұзғаны үшін өз абоненттеріне 1,5 млрд теңгеден астам қаржыны қайтарып беретін болды. ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті атынан осындай нұсқама шығарылды.
Соттардың, оның ішінде Жоғарғы соттың қарау қорытындысы бойынша, аталған нұсқама заңды және негізді деп танылды.
Ағымдағы айда Ксеll тұтынушыларға 2012-2013 жылдың 9 айы кезеңінде абонент үшін кез келген қолайлы тәсілмен (заттай мәнде, теңгерім) сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатты қайтаруды бастайды.
Бұл ретте Ксеll әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, өз абоненттеріне 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі (монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық орын алған) кезең үшін ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтаратынын хабарлады дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




