Айдын Айымбетов ғарышқа Қазақстанның туы мен баласының ойыншығын алып барады
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2015
- 949
Ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанатын қазақстандық Айдын Айымбетов экипаж мүшелерімен бірге Мәскеуде соңғы әзірліктерін пысықтап жатыр.
“Айдын бұған дейін де дайындықтан өткен. Сондықтан бәрін біледі. Оның тапсырмаларды орындау барысын есінде жақсы сақтағаны қазіргі іс-әрекетінен-ақ көрініп тұр”, – дейді ғарышкерлерді дайындау орталығының бас маманы Игорь Сухоруков.
Айдын Айымбетов бұл сәтті аз уақыт күткен жоқ. Дайындығын шыңдауға 12 жыл жұмсады. Көрген-білгенін шәкірттеріне де үйрете жүрді. Журналистерге берген сұхбатында ол ғарышқа өзімен бірге ала кететін заттарын да атап өтті.
“Ғарышқа өзіммен бірге өзіміздің туды алып барам деп отырмын және кенже қызымның өтініші бойынша оның ұсынған ойыншығын ала кетемін”,- деді ол.
Айта кетейік, біздің ғарышкер британдық әнші Сара Брайтманның орынына ұшады. Ал ғарыш сапары алдағы қыркүйек айының бірінші жұлдызына белгіленген. Экипаж мүшелері ашық кеңістікте тура 10 күн болады.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




