ОҚО-да12-ге жаңа толған 350-ден астам жас қыз аяғы ауырлар тізімінде
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2015
- 1.0k
Оңтүстік Қазақстан облысында 12-ге жаңа толған 350-ден астам жас қыз аяғы ауырлар тізіміне енгізілген. Мұндай мәліметті бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның мүшесі Бексұлтан Тұтқышев келтірді.
«Бізге белгілі болғандай, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, 12 жасқа енді келген 350-ден астам қыз бала аяғы ауырлар тізіміне тіркелген. Бұл жағдай көбіне қыз бала мен нәрестенің денсаулығына байланысты қайғылы жағдайларға душар етеді», - дейді Б. Тұтқышев.
Дегенмен, оның айтуынша, бұл тек ресми деректер ғана, ал шын мәнінде нақты көрсеткіштен басқаша болуы мүмкін.
«Олардың ата-аналары, ағалары, туысқандары бар. Мұндай жағдайға қалай душар болдық? Осыны анықтау қажет. Бұл тек мемлекеттік мәселесі емес, бұл ата-аналардың да жауапкершілігі. Сондықтан балаларды жас кездерінен бастап дұрыс тәрбиелеу керек», - дейді маман.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




