Жаһан
Қазақ-қырғыз шекарасында Тәжікстан азаматы 10 келі героинмен ұсталды
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2015
- 915
Қазақ-қырғыз шекарасында Тәжікстан азаматы 10 келі героинмен ұсталды
Қазақ-қырғыз шекарасында Тәжікстан азаматы 10 келі героинмен ұсталды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚ-нің баспасөз қызметінен.
2015 жылдың 19 шілдесінде 21 сағат 50 минутта “Қордай” тексеріп-өткізу (автокөлік) пунктінде шекара наряды, арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен Қырғызстаннан Қазақстан аумағына, одан әрі Ресей федерациясына өз автокөлігімен өтпек болған Тәжікстан республикасының азаматын ұстады”, – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
“Автокөлікті мұқият тексерудің нәтижесінде артқы дөңгелектерінің оң және сол жақ қанаттарының астына жасырылған 10 келіден астам “Героин” есірткісі табылды. Тиісті орындар тексеру жүргізуде”, – деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




