Қырғызстан Қазақстанның 800 метр шекарасын қолдануға беруді сұрады
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2015
- 728
Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен екіжақты кездесу барысында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Темір Сариев екі ел арасында Чуй облысы маңындағы мемлекеттік шекара мәселесі бойынша жеке келісімді қабылдауына ұсыныс жасады.
Бұл туралы “Кешкі Бішкекке” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Оның айтуынша, Томкөк қаласының маңындағы Ыстықкөлге апаратын Бішкек-Нарын-Торығарт автожолы Қазақстан аймағы бойымен транзит арқылы өтіп жатыр. Оның ұзындығы 800 метр.
“Біз Бішкектен Ыстықкөлге бағыт алғанда жолдың кей бөлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтеді. 800 метр көлік жолы шекараны кесіп жатқасын осындай аппендицит пайда болады. Біз өз тарапымыздан аталмыш шекараны пайдалануға рұқсат беретін жеке келісімді қабылдауды ұсынамыз. Жақын арада біз ортақ экономикалық одақ құратын боламыз. Егер бұл келісімге қол қойылатын болса, біз бұл жол учаскесін өз қараумызға алуға талпынамыз”, – дейді Сариев.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




