Елімізде коммуналдық төлемдер тарифі өсірілмек
Қазақстан 2017 жылдан бастап табиғи монополиялар нысандарына қосымша табыс табуға рұқсат бермек. Бүгін бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.
Оның айтуынша, бұдан соң ол мекемелердің компьютер, жиһаз, бағдарламалық қажеттіліктеріне қаржы бөлінбейді. Ол шығынды өздері көтеретін болады. Ұлттық экономика министрлігі өткізген семинарда сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы инвестициялық бағдарламар мәселесі талқыланды. Қазір республика бойынша келіп түскен 21 жобаның 8-ін бекіткен, ал қалғандарын қайта өңделмек. Себебі ол компаниялар тарифті шектен тыс асыра өсіруді сұраған. Ел бойынша газ, су, жылу бағасының біртіндеп көтерілетінін бұған дейін Елбасының өзі айтқан. Ал комитет төрағасы: «Осының есебінен 60 пайызы ескі-құсқы инженерлік желілер жаңартылады», – деп отыр. Астана су арнасы кәсіпорны инвестициялық бағдарламаны әлі күнге әзірлеп жатқандықтан, елордада коммуналдық төлемдер қаншаға өсетіні әзірге белгісіз. Кей өңірлердікі бекітілген. Серік Жұманғарин, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы -Мысалы, Ақтөбеде қазір «Қазтрансгаз» аймақ газ туралы инвестициялық бағдарламасына кеше приказ шығардық. Газдың өсуі, транспортының өсуі 150 пайыз, жұмысшыларға өсуі 5-10 пайыздан аспайды. Тарифтер өсуі адамның, тұтынушылардың жағдайына қарап қабылдаймыз.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді