Жаһан
Шымкентте қоғамдық көлік жолаушыларға тегін қызмет көрсетіп жатыр
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2015
- 1.0k
Шымкентте қоғамдық көлік жолаушыларға тегін қызмет көрсетіп жатыр
Бүгін Шымкентте ораза айт күніне орай тегін қоғамдық көліктер шығарылды. «Green bus company» фирмасы директорының орынбасары Бақытжан Рысбековтың айтуынша, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қалада он қоғамдық көлік жолаушыларға тегін қызмет көрсетіп жатыр.
- Бұл – бір күндік шара. Бүгін таңертеңгі сағат жетіден бастап 5 бағытта 10 қоғамдық көлік жолға шықты. Олар - 27, 78, 135, 35, 12 бағыттағы автобустар. Мақсат - ораза айтта ораза ұстаған азаматтарға жеңілдік жасау, - дейді Бақытжан Рысбеков.
Бақытжан Рысбеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі қала сыртына, орталықта және жаңа әкімшілік іскерлік орталығында жүретін қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне бір күндік жалақысын бергенін, ал «Green bus company» ЖШС автобусты жүргізушілерге жалға емес, тегін бергенін хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




