Қазақстанда жиі апатқа ұшырайтын көліктер аталды
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жол апатына жиі ұшырайтын автокөліктерді атады. Тізімнің көш басында Тойота тұр.
Одан кейінгі орындарда немістің Mercedes, Volkswagen және Аudi көліктері. Бұлар да басқа маркалы машиналарға қарағанда көбірек апатқа түседі екен.
Жоғары жылдамдықпен жүйіткитін шетелдік көліктерден ресейлік ВАЗ да қалыспайды. Автокөлік маркаларының мұндай түрлерінің жиі апатқа ұшырауы бекер емес.
Өйткені олар кең қолданыстағы көліктер. Әсіресе, Лада 800 мыңға жуық. Кейін Toyota, Volkswagen, Audi және Mercedes. Көліктердің көбі ақ, қара және сұр түсті деген де қызықты ақпарат бар.
Бір өкініштісі, автокөліктердің қандайы болмасын, апатқа ұшырағанда адам шығыны азаймай тұр. Тек жыл басынан бері мыңнан астам адам жол үстінде жан тапсырыпты.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




