16 жастағы ақтөбелік оқушы желіде танысқан жігітке үш рет сөйлескеннен кейін тұрмысқа шықты
- author «Ақ жол»
- 16 шілде, 2015
- 945
Ақтөбеде 16 жастағы бойжеткен әлеуметтік желі арқылы діни ағымға бой алдырған жігітпен танысып, үш рет сөйлескеннен кейін оған тұрмысқа шығып кетіпті деп жазады “Экспресс К” газеті “Четыре сбоку – ваших нет” деген мақалада.
Басылымның жазуынша, олардың ерлі-зайпты өмірі небары бір айға созылған. Жігіт бойжеткенді талақ етіп, енді оның сыныптас құрбысына үйленіп алыпты.
“Біз Батыс Қазақстандағы жағдайдың тым ушығып кеткенін көріп отырмыз. Жоғары сыныптың қыздары интернет арқылы дәстүрлі емес діни ағымдағы жігіттермен танысады. 2-3 рет хат алмасқаннан кейін неке қию күнін белгілеп қояды”, – дейді Дінді зерттеу орталықтары қауымдастығының директоры Юлия Денисенко.
Оның айтуынша, қауымдастық осындай жағдайға душар болған бір бойжеткенді құтқарып қалған. Ақтөбелік мектеп оқушыларының өмірі жайлы сол айтып берген.
“Қыздардың барлығы мұны құпия түрде жасайды,ата-аналары олардың не істеп жүргендерін білмейді де. Иә, әрине, Құран бойынша ер адамға төрт әйел алуға рұқсат етілген. Бірақ исламды былғап, өздерінің нәпсілеріне бұрмалап алған адамдар осы 4 деген санға ғана жабысып қалған. Шындығында олар әйелдерін үнемі “ауыстырып” отырады”, – дейді маман.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




