Н. Назарбаев еліне мейлінше пайдасын тигізген әлемдік лидерлердің бестігіне кіреді
- author «Ақ жол»
- 16 шілде, 2015
- 649
Н. Назарбаев еліне мейлінше пайдасын тигізген әлемдік лидерлердің бестігіне кіреді. Бүгін Елбасы Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Нурсултан Назарбаев: Человек у власти» атты кітапта авторлар осындай мәліметтерді алға тартып отыр.
Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институты мен «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жарыққа шыққан кітап авторлары профессор Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова. Кітапта жаңа әдістемелік ұстанымдар негізінде басты назар ғасырлар тоғысындағы Елбасының прогрессивті рөліне, КСРО дағдарысының Мемлекет басшысының саяси санасына әсер ету мәселелеріне аударылады. Сонымен қатар, Н. Назарбаевтың тарихи даму барысында пайда болған саяси көзқарастары мен қабылдаған шешімдерінің себептері баяндалады. Бұдан бөлек, авторлар тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Ұлт Көшбасшысының реформаторлық бағытын іс жүзінде жүзеге асырумен байланысты ауқымды мәселелерді қарастырады.
«Тарихи-өмірбаяндық жанрда жазылған кітапта көптеген фактологиялық материалдар жинақталып, Елбасының әлемдік ауқымдағы саясаткер ретінде қалыптасу жайы баяндалады. Мәселен, кітапта мынадай бір мысал келтіріледі, оқып берейін: «2013 жылдың шілдесінде Постдағдарыстық әлем институты қоры әлемнің 68 елінен 300-ден астам сарапшыларға сауалнама жүргізіп соның нәтижесінде: «Нұрсұлтан Назарбаев - өз еліне мейлінше пайдасын тигізген әлемдік лидерлердің бестігіне кіретін бүгінгі заманның ең танымал саясаткерлерінің бірі» деген қорытындыға келеді. Бұл өте жоғары баға», - деді жиын барысында сөз сөйлеген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов.
Сонымен қатар, кітапта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың КСРО дағдарысын еңсерудегі рөліне де үлкен мән беріліп, сол кездегі саяси ұстанымдар мен шешімдерге талдаулар, жоғары бағалаулар жасалған. Сонымен қатар, кітапта қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мұрағат материалдары мен деректер пайдаланылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




