Елімізде «Құртафелло» атты жаңа тауарлық белгі пайда болды
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2015
- 1.0k
Қазақстанда «Құртафелло» атты жаңа тауарлық белгі пайда болды. Оның иесі оңтүстікқазақстандық кәсіпкер – Айнаш Ұбайдоллаева. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Іскер әрі жаңалыққа жаны жақын кәсіпкер жұрттың назарын ұлтық тағамның түріне аударудың осындай жолын тапқан. «Көптен қымыз сатамын. Интернет парақшаларын аударып, көп шолып ізденемін. Үнемі тауарларыма әр беріп, жаңалық жасағым келеді. Бірде көзіме «куртаефелло» деген атау түсіп, содан ойда қалдым. Ақыр соңында дүниеге «Құртафелло» келді. Біздің құртымыз ең тәтті құрт. Ұлттық тағамның бұл түрінен бренд жасағым келеді», – деді Айнаш Ұбайдоллаева. Бір қорап «Құрафелло» 250 теңге тұрады. Қазақстандық жаңа тауар белгісін ешқандай да Raffaello шоколадының атауымен шатастыруға болмайды. Сол үшін де, кәсіпкер Астанаға барып, авторлық құқық саласының мамандарымен кеңесіп, қазақы «Құртафелло» атауын біржолта заңдастырып та алды.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




