Қазақстан Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков ресейлік тараптың отандасымыз Айдын Айымбетовтің қыркүйекте ғарышқа ұшу мүмкіндігін ескерткенін мәлімдеп, «Сара Брайтманның орны босады. Сондықтан қазақ ғарышкерінің халықаралық ғарыш стансасы арқылы ұшуы үшін қолдан келген мүмкіндікті жасаймыз» деді. Мамырдың ортасында ғарышқа ұшуға дайындықты бастап кеткен әнші Сара Брайтманның отбасы жағдайына байланысты ХҒС-қа ғарыштық турист ретінде ұшудан бас тартқаны белгілі болды. Кей ақпарат көздері мұның себебі – әншінің сапарын қаржыландыруға уәде еткен демеушімен туындаған мәселелерде деп хабарлады. Ресей ғарыш агенттігінің ресми өкілі «Түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Роскосмостың шешімі шыққан кезде қосымша хабарланатын болады», – дейді. Бұдан бұрын әнші Сара Брайтман ұшудан бас тартқан соң, Қазғарыш ресейлік тараппен жерлесіміз Айдын Айымбетовті Халықаралық ғарыш стансасына ұшыру мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарланған болатын.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




