Елбасы «Россия 24» телеарнасының жүргізушісі Эвелина Закамскаяға сұхбат берді. Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, ел экономикасын дамытудың негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығының келешегі, жаһандық экономика дамуының маңызды жайттары туралы, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты сұрақтарға жауап берді. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әрі қарай өсу үшін жаңа бағыт қажет болатын белгілі бір даму деңгейіне жеткенін атап айтты. Қазақстан Президенті республикамыз көрші елдердің – Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының әлеуетін белсенді түрде пайдаланатынын атап өтті. Мәселен, Қазақстан өз аумағында автокөлік және темір жол бағыттарын ашу арқылы Жібек жолы экономикалық белдеуінің конфигурациясына іс жүзінде қосылды. Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы қытай ықпалының артуына байланысты қауіптенуді «фантомдық үрей» деп атады. Ол Қазақстанның бүгінде ҚХР-мен бірқатар кәсіпорынның құрылысын салу туралы шарт жасау қарсаңында тұрғанын айтты. Қазақстан Президенті батыс елдері мен Ресей арасындағы өзара санкциялар саясат пен экономиканың араласып кетуінің нәтижесі екеніне назар аударды. Бұл жағдайдан Ресей ғана емес, өзге елдер де зардап шегіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Украина төңірегіндегі ахуалды шешу үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмсап отырғанын айтты. Қазіргі қаржы жүйесіндегі қиындықтар туралы айтқан Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық валюта архитектурасының ескіргенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы сияқты халықаралық басқосулар әлемдік институттар мен халықаралық ұйымдардың қаржы мәселелері бойынша ортақ тіл табуы үшін жағдай жасайтынын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




