Бағдарламалардың бәрі бұқараны жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған

Бағдарламалардың  бәрі  бұқараны жұмыспен  қамтамасыз  етуге  бағытталған
ашық дереккөз
Бағдарламалардың бәрі бұқараны жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған

Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Б.Сапарбаев Мемлекет басшысына тапсырмалардың жүзеге асырылуы, әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Қазақстан Президенті азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін мемлекет күш-жігер жұмсап отырғанына назар аударды. – Бизнес пен жұмыспен қамтудың «Жол картасын» және «Нұрлы жолды» қоса алғанда, барлық бағдарламалар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттің бірі болып саналады. Бұл орайда, өңірдегі халық жергілікті биліктің осы бағытта қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар болуы керек. Әкімдіктер кәсіпорындардың кадрға деген қажеттілігін қадағалап, кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, қосымша өндірістердің іске қосылуына ықпал еткені жөн. Ірі кәсіпорындар жаңа технологияларды, инновацияларды енгізу есебінен жұмыс орындарын қысқартуда. Мұндай жағдайда қызмет көрсету саласы, шағын және орта бизнес жұмыс беруші рөлін атқаруы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі мекемелерімен толық қамтуды, апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептерді жоюды, кадр даярлауды отандық экономика мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды ескере отырып, келісім негізінде жүргізуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаның маңызын және «100 қадам» іс-қимыл жоспарын сапалы орындау қажеттігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар