Жаһан
Қазақстан әлемдік адам капиталы рейтингінде 124 елдің ішінде 37-ші орынды иеленді
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2015
- 976
Қазақстан әлемдік адам капиталы рейтингінде 124 елдің ішінде 37-ші орынды иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы мен Mercer компаниясы жасаған әлемдік адам капиталы (The Human Capital Report 2015) рейтингінде 124 елдің ішінде 37-ші орынды иеленді.
Рейтингті жасау кезінде 46 көрсеткішті ескерумен адам капиталының (Human Capital Index) индексі есептеледі. Бұл көрсеткіштердің ішіне өмір сүру деңгейі, жұмыс күшінің сауаттылығы, білімі, біліктілігі және өмір сүру ұзақтығы кіреді.
ДЭФ нұсқасы бойынша Ресей аталмыш индикаторда 26-шы орында, Армения - 43, Қырғызстан - 44-ші орында. Бірінші үштіктегі көш бастап тұрған елдер - Финляндия, Норвегия мен Швейцария. Рейтинг соңында Мавритания, Чад пен Йемен тәрізді елдер аталған.ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




