Қазақстандық газет-журналдардың Интернет нұсқаға көшуі 2016 жылы аяқталады
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2015
- 979
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың соңына дейін қазақстандық баспа түріндегі БАҚ-тың Интернет нұсқаға көшуі аяқталады. Бұл туралы сөз бостандығын заңнамалық реттеу бойынша өткен конференцияда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Талғат Қанағатов айтты.
«Бүгінгі заманның талабын ескере отырып, мемлекет отандық дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын ғаламтор кеңістігіне шығару жұмыстарын қолға алған. Мәселен, 2014 жылы «Қазтелерадио» базасында арнайы жоба іске қосылып, жоба аясында ғаламдық жүйе бойынша 20-ға тарта отандық арналар таратыла бастады. Сонымен қатар, мемлекет отандық баспасөздің де өз интернет ресурстарын ашуына қаржылай да, техникалық та көмек көрсетуде. Осы жылдың аяғына дейін 400-ге жуық газеттің интернет нұсқасы жасалады. Ал 2016 жылдың соңында барлық баспа БАҚ түрлері интернет желісіне шығарылады», - деді ол.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




