Сауд Арабия Әмірлігінің Сауда палаталар кеңесінің төрағасы Абдулрахман әл-Замил қазақстандық бидайдың сапасын жоғары бағалап, еліміздің Үкіметіне бидай экспорттау мәселесіне баса назар аудару керектігін ұсынып отыр. Бұл туралы Астанада қос мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткен бизнес-форумда айтылды. Сауд Арабия Әмірлігінің Сауда палаталар кеңесінің төрағасы Абдулрахман әл-Замил министрлік назарына екі негізгі бағыт бойынша ұсынысын жолдады. «Сауд Арабиясы – араб мемлекеттерінің ішіндегі тұңғыш Қазақстан нарығына кіруші мемлекет. Биыл ынтымақтастықтың екі бағытына назар аудару керек. Қазақстан мен Сауд Арабиясы кәсіпкерлер кеңесінің жұмысын жандандырғаннан кейін екі елдің министрліктерімен Қазақстаннан Сауд Арабиясына бидай экспорттау мәселесінің шешімін табу керек. Себебі, Қазақстанда өсетін бидайдың сапасы өте жоғары. Сондай-ақ, мұнай-химия саласына назар аударатын болсақ, екі саладан жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын» деп атап өтті Сауда палаталар кеңесінің төрағасы. Сондай-ақ, аталған екіжақты келісім аясында Сауд Арабиясы мен Қазақстан болашақта мұнай-химия өнеркәсібі, тау-кен металлургия, ауыл шаруашылығы, азық-түлік салаларында бірлесіп жұмыс істемек. Қазақстан мен Сауд Арабиясы сауда және индустрия аясындағы жобаларды қаржыландыру үшін Ислам банкін немесе арнайы қор құру туралы келісім жасамақ. Бұл туралы кеше Астанада қос мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан бизнес-форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев хабарлады. «Қолға алып отырған жобаларды қаржыландыру бағытында Ислам банкін немесе қорын құру бойынша Сауд Арабиясы бизнесмендерімен жұмыс істейміз деген келісімді Сауд Арабиясының сауда және индустрия министрі Тауфик әл-Рабия мырзамен келісіп отырмыз. Бүгінде бізде Ислам даму банкі секілді үлкен серіктесіміз сауда операциялары мен инвестициялық жобаларды қаржыландыруда», – деді министр Ә. Исекешев.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




