Қытай басшысы Си Цзиньпин Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақордада жаңа ғана ҚХР басшысымен салтанатты кездесу рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді резиденциясының кірер аузында күтіп алды. Амандасудан кейін Президент Қазақстан тарапынан бүгінгі келіссөзді жүргізуге атсалысатын қатысушыларды таныстырды. Кейін Назарбаевқа Қытай делегациясы таныстырылды. Екі елдің әнұрандары орындалды. Кейін екі ел басшысы келіссөздер жүргізуге аттанды.
Осыған дейін Қытай басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған постында Астанаға келуін "саяси қолдау белгісі" деп түсіндірген болатын. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы жеңісінен кейін Си Цзыньпиннің Қазақстанға алғашқы іссапары екені де айтылды. Қытай Президенті бұл іссапардың екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары дәрежеде екенін көрсететін белгі екенін мәлімдеді.
Басшылар арасындағы кездесу барысында экономикалық Ұлы Жібек жолының құрылысы туралы сөз болатыны белгілі болды.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




