Құттықтаулар

Құттықтаулар
ашық дереккөз
Құттықтаулар
Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Құттықтау телеграммасында Ресей мемлекетінің басшысы сайлау қорытындысының Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтары арасында зор абыройын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, көрші елдің президентінің айтуынша, Қазақстан халқы өз таңдауын жасау арқылы Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық жылдам дамуына және еуразиялық интеграциялық процестерге белсене қатысуға әрі Ресеймен стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының нығаюына қолдау білдірді. Ресей президенті диалогтың жалғасуына және екіжақты қарым-қатынас кешенінің әрмен қарай өсуі жөніндегі біріккен жұмысты жалғастыруға, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің мүддесі үшін құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де халықаралық құрылымдардағы конструктивті қарым-қатынасқа дайын екенін атап өтті. Қырғыз Республикасының президенті  Алмазбек  Атамбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хатын жолдады. Хабарламада Н. Назарбаевтың жеңісі қазақстандықтардың оның ел басшысы ретіндегі ерекше еңбегін бағалағанын, Қазақстанның дамуына, халықаралық аренада елдің беделін нығайтуға бағытталған саяси-экономикалық реформаларға сенімдерінің жоғары екендігін көрсететіні айтылған. А.Атамбаев қазақстандық көшбасшыға барлық мақсаттарды іске асыруда толағай табыстар мен мықты денсаулық, ал Қазақстан жұртшылығына бейбітшілік пен табыс тіледі. «Алдағы уақытта бірлескен күшпен туыстас қатынасты, одақтастықты, екі ел арасындағы әріптестікті дамыта түсетінімізге сенімдімін», – деп атап өтілген хабарламада. Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар елдің басшысы сайлаудағы жеңісімен телефон арқылы құттықтады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мәскеуде болатын кездесу жөнінде пікір алмасты.Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашылық етті. Сербия президенті Томислав Николич Елбасы Сербия Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті. Телефон арқылы сөйлесу барысында Томислав Николич Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президенті Сербияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Украинадағы дағдарысты реттеуге және Ұйымға мүше елдердің сындарлы диалогын дамытуға қызмет етеді деп үміттенетінін жеткізді. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін айтты. Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды. Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімов Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтен құттықтау жеделхаты келіп түсті. Ислам Кәрімов Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. – Өткен сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз халықтың жоғары сенімінің және өзіңіздің көреген басшылығыңызбен жүргізілген, Қазақстан халқының бақуаттылығына, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттыруға бағытталған қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық терең реформаларды қолдауының айшықты айғағы болды, – делінген жеделхатта. Ислам Кәрімов сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен кейінірек телефон арқылы сөйлесу кезінде де құттықтады.Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды. Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан да құттықтау жеделхаты келіп түсті. Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген. – Өзінің ерік-қалауы арқылы Қазақстан халқы елді өркендетуге, оның халықаралық аренадағы беделін үздіксіз арттыруға және халқының бақуаттылығына бағытталған Сіздің жасампаз саясатыңызды кеңінен және шүбәсіз түрде қолдайтынын бүкіл әлемге паш етті. Бұл жолда жеткен жетістіктер Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты, – делінген жеделхатта. Тәжікстан Президенті, сондай-ақ өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастың дамуын атап өткен.

Ұқсас жаңалықтар